Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қаржы пирамидасын басқарды деген күдікке ілінген әйелге халықаралық іздеу жарияланды

Қаржы пирамидасын басқарды деген күдікке ілінген әйелге халықаралық іздеу жарияланды

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген Дана Анварқызы Батыршинаға халықаралық іздеу жариялағанын мәлімдеді.


Дана Анварқызы Батыршина 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған. Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасы. Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін «Thefiniko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген. Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған.

Атап айтқанда, «Thefiniko» компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып табылмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.


«Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
+7-701-218-05-23 - іздеу бойынша, +7-727-279-29-56 - кезекші бөлім. Сыйақы мен анонимдікке кепіл береміз», - делінген хабарламада.

Автор
Әлихан

Журналист