KZNEWS.KZ
Спорт

Қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген Шавкат Рахманов рекордтық сомада гонорар алды

• Еркебұлан

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилді жеңгені үшін рекордтық сомада гонорар алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Рахмоновтың аталған жекпе-жектен алған жалпы гонорары 161 500 долларды құраған. Оның ішінде 30 мың - доллары кепілді гонорар, 6 мың доллар - демеушілері бонусы - 25,5 мың долларыы - салмақ өлшеу рәсімінде сәтсіздігі үшін Нилдің гонорарының 30 пайызы, 100 мың доллары - Нил салмағын реттемегендіктен "Кештің үздік жекпе-жегі" үшін екі еселенген бонус. Еске сала кетсек, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан аралас жекпе-жектен UFC 285 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген еді.

Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →