Қарағанды қаласында әйел мен оның 12 жастағы қызының өліміне қатысты күдікке ілінген 39 жастағы ер адамның мәйіті Ақтоғай ауданы аумағынан табылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, іздеуде болған күдіктінің денесі анықталғаннан кейін оқиға орнында тиісті сараптамалар тағайындалған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп жатыр.
Алдын ала болжам бойынша, ер адам өзіне қол салған. Ол өз атына тіркелген қарумен өзін-өзі атып, сол жерде көз жұмған деген нұсқа қарастырылуда.
Полиция қаруды тәркілеп, баллистикалық және сот-медициналық сараптамалар жүргізіп жатыр.