KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қарағандыда жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды - Қылмыс

KZNEWS

Қарағандыда жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған 30 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың мәліметінше, 4 желтоқсанда Қарағандының Полиция департаментінің Орталық бөліміне қаладағы жанармай құю бекеттерінің бірінің операторы белгісіз біреудің оны пышақпен қорқытып, ақша талап еткенін хабарлаған.

"Полиция қызметкерлері қарағандылық 30 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады. Ол кінәсін мойындады. Ер адамнан бәкі тәркіленді. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Полиция департаментіндегілер.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары