НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Қарағандының полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынға көпқабатты үй шатырынын түсуге көмектесті. Ер адам отбасымен ұрысып қалғаннан кейін шатырға шығып кеткен екен.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=17fXymOnENk[/embed]
Киімі жоқ ер адамның көпқабатты үйдің қарға толы шатырында отырған видеосы желіде жарияланды, деп хабарлайды polisia.kz.
Ролик авторының айтуынша, Қарағанды тұрғыны үйдің шатырына өз балконынан шығып кетіпті. Ол сол жерде полицейлер көмекке келгенше шамамен 20 минут отырған.