"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда "қалтасына пышақ салған прокурордың" видеосына қатысты тексеріс басталды

Қарағандыда "қалтасына пышақ салған прокурордың" видеосына қатысты тексеріс басталды

Қарағандыда ​​облыс прокуратурасы аппаратының басшысы Арман Көшекбаев қалтасына пышақ салып мейрамханада жүр делінген видео зерттеліп жатыр, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Қарағанды ​​облысы прокуратурасы аппаратының басшысы Арман Көшекбаевқа ұқсайтын ер адам түсірілген видео талқыланып жатыр. Кадрларға қарағанда, жазба қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде түсірілген. Кадрлардан прокуратура қызметкері делінген адам мекеме күзетшілерінің бірімен сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Осы кезде жанындағылар оны тыныштандырып, ғимараттан шығаруға тырысады.

Бір кезде видео кейіпкері бұрылғанда, күзетші оның шалбарының артқы қалтасынан пышақты суырып алады.

Бұл видео Желіде резонанс тудырды. Қолданушылар видео кейіпкерлері арасында прокуратура қызметкерлері барын айтып жатыр.

Бұл ретте Қарағанды ​​облысы прокуратурасының баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, видеоға түсірілген оқиға былтыр болған.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қарағанды ​​қаласындағы ойын-сауық нысанында прокуратура қызметкері түсірілген видео тарауына байланысты қызметтік тексеріс басталды. Қазіргі уақытта бұл дерек 2021 жылы болғаны анықталды. Басқа мән-жайлар тексеріліп жатыр", - деді Қарағанды ​​облысы прокуратурасының баспасөз қызметі өкілдері.
Автор
Нұрсұлтан