Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерден кешірім сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағанды облысындағы трассада 10 көлік соқтығысты (ВИДЕО)

Қарағанды облысындағы трассада 10 көлік соқтығысты (ВИДЕО)

Қарағанды облысындағы трассада ауа райының қолайсыздығынан 10 көлік соқтығысты. Оқиға «Астана – Қарағанды (айналма жол) – Алматы» автожолының 1449 шақырымындағы «Теміртау – Қарағанды» автожол учаскесінде 6 наурыз сағат 16:30-да болған.

Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп, мән-жайлар нақтылануда. Сағат 17:00-де «Теміртау – Қарағанды» төлем ақы алу учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Жол белгілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес орнатылды.

«Жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау. Жүргізушілерге сақ болуға, ауа райы жағдайларын ескеруге және жол қызметтерінің нұсқауларына бағынуға кеңес беріледі», — делінген «ҚазАвтоЖол» мәліметінде.
Автор
Данияр