Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қаңтар оқиғасының жаңғырығы - Талдықорғанда қару-жарақ қоймасы табылды

Қаңтар оқиғасының жаңғырығы - Талдықорғанда қару-жарақ қоймасы табылды

5 қаңтарда Талдықорғандағы саяжайлардың бірінде, Қаратал өзенінің астындағы көпір маңында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары барысында қару-жарақ жасырылған орын табылды. Ол жерден 14 патроны бар Калашников автоматы мен 8 патроны бар Макаров тапаншасы тәркіленді. Бұл қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару болатын, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.



"Атыс қарулары қоғам үшін ерекше қауіпті. Сондықтан Ішкі істер министрлігімен заңсыз айналымдағы қаруды тәркілеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі және ерекше бақылауда", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

2022 жылдың басынан бастап қабылданған шаралармен 7 877 түрлі қару, 816 граната және 110 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. 2024 жылдың соңында заңсыз айналымнан екі мыңнан астам түрлі қару тәркіленген, оның ішінде 1 764 дана атыс қаруы, 274 дана травматикалық қару, 87 граната және 19 мыңнан астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрі бар.

Сонымен қатар, 21 заңсыз қару жасырылған орын табылған. Жыл басынан бастап бұл жұмыс белсенді түрде жалғасып, нәтижесінде 24 дана атыс қару тәркіленген.


Автор
Айбар

Журналист