Жаңалықтар

"Қан шашыраған сарайды сүртіп кеткен": Атыраудағы трагедияға қатысты қорқынышты жайт мәлім болды (ФОТО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"Қан шашыраған сарайды сүртіп кеткен": Атыраудағы трагедияға қатысты қорқынышты жайт мәлім болды (ФОТО)
Arasha.kz коллажы

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты тергеу барысында жаңа әрі үрейлі жайттар анықталды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиғаның шынайы жай-жапсарын білу үшін басылым тілшілері бүтін бір әулет жұмбақ жағдайда жоғалған Жангелдин ауылына арнайы барып, жергілікті тұрғындармен тілдесті. Белгілі болғандай, 25 желтоқсанда облыстық полицияға қала тұрғынынан арыз түсіп, оның ағасы мен отбасы бір айдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткені хабарланған. Ал 6 қаңтар күні із-түзсіз жоғалған ерлі-зайыптының мәйіттері ауылдағы сарай ішінен табылған.

Марқұмдардың туыстары іздеу барысында кездескен күмәнді жағдайлар туралы айтып берді. Қаза тапқандардың жақыны Фаризат Кенжеғалиеваның сөзінше, сарай ішіндегі кейбір белгілер көңілге күдік ұялатқан.

"Сарайдың ішінде екі адамға арналған диван тұрған. Астына киіз төсеп қойған. Ұзақ уақыт бойы иіс шықпаған. Ауыл болып, бүкіл ел болып іздедік. Ішінде қан іздері болған, бірақ барлығы мұқият сүртіліп кеткендей. Бірден көзге түсе қоймайды. Алашалардың бәрі төселіп тұрған", – дейді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жангелдин ауылындағы ерлі-зайыптылардың қазасына байланысты күдіктіге іздеу жарияланғаны хабарланған еді. Күдікті – Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны Сұлтан Сәрсемалиев. Оны іздестіру ісі 8 қаңтар күні ресми түрде тіркелген.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz