Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Қаламқас" кенішінде өрт сөндіріп жатыр

"Қаламқас" кенішінде өрт сөндіріп жатыр

Маңғыстау облысы "Қаламқас" кенішінде шыққан өртті сөндірумен мамандар айналысып жатыр деп хабарлайды 25 наурыз күні төтенше жағдай жөніндегі комитеттің өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

"25 наурыз сағат 7.10-да Маңғыстау облыстық төтенше жағдай жөнінде департаменттің кезекші-диспетчерлік қызметіне "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ тиесілі "Қаламқас" мұнай кенішіндегі ұңғымалардың бірінде 900 шаршы метрлік алаңда он метр биіктікте газ-су қоспасы ашық жанып жатыр деген ақпарат түсті. Зардап шеккендер жайлы дерек жоқ" деді Нұрахметов дүйсенбі күні.

Оның айтуынша, өртті сөндіруге 14 жұмысшы, 4 техника жұмылдырылған. Жергілікті Lada.kz сайты "Қаламқас" кенішіндегі өрт" делінген бірнеше видео жариялаған.


Azattyq
Автор
Арман