Нұрайдың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде жәбірленуші тарап сотталушыға қарсы азаматтық талап-арыз түсірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Сот отырысында марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров жәбірленуші тараптың материалдық және моральдық шығынды өндіру туралы талап қойғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, талап-арызда сотталушыдан 14 739 065 теңге көлемінде материалдық шығын және 10 миллиард теңге моральдық өтемақы өндіру сұралған. Адвокат моральдық өтемақы ретінде өндірілетін қаражаттың толық көлемі қайырымдылық мақсаттарына бағытталатынын жеткізді.
Сондай-ақ сот барысында келесі кезеңнің мерзімі де белгілі болды. Іс бойынша 11 тамыз күні тараптардың жарыссөзі басталады, содан кейін сот үкім шығару кезеңіне өтеді.