Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Баласының еміне 1,3 миллиард теңге жинаған": Прокурор ерлі-зайыптыларды 7 жылға соттауды сұрады

"Баласының еміне 1,3 миллиард теңге жинаған": Прокурор ерлі-зайыптыларды 7 жылға соттауды сұрады

Астанада Қылмыстық істер бойынша аралық сотта баласының еміне деп елден ақша жинаған ерлі-зайыптыларға қатысты іс бойынша сот талқылауы басталды. Мемлекеттік айыптаушы оларды бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекеттік айыптаушы соттан жұбайларды кінәлі деп танып, ер адамды:

7 жылға бас бостандығынан айыруды;
10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысу құқығын шектеуді;
Мүлкін тәркілеуді;
Жазасын орта қауіпсіздігі бар түзету мекемесінде жазасын өтеу түрінде жазаны тағайындауды сұрады.

Прокурор сот залында “сот үкімі күшіне енгенге дейін айыпталушыны қамауда ұстау” туралы өтініш айтты.

Сондай-ақ прокурор әйелге де дәл осындай жаза сұрады.

“7 жылға бостандықтан және 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысу құқығынан айырып, мүлкін тәркілеп, жазасын орта қауіпсіздігі бар түзету мекемесінде өтеуін сұраймын”, – деді мемлекеттік айыптаушы.

Ол қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөліміне сәйкес, ерлі-зайыптылардың 2019 жылы туған баласы болғандықтан, жазаны орындауды екі жылға кейінге қалдыруды ұсынды.

Адвокат Азамат Байкенов мемлекеттік айыптаушының ұстанымына келіспейтінін айтты. Ол сот тергеу барысында, оның ойынша, “қателіктер жіберілгенін” атап өтті. Сонымен қатар адвокат “залалды растайтын жазбаша өтініштердің болмағанын” жеткізді. Адвокаттың пікірінше, іс тоқтатылуға тиіс.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.