Еуропалық Porschist журналының Қазақстан туралы арнайы саны жарыққа шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Путинге сыйлық. Төрт қап картоп

Путинге сыйлық. Төрт қап картоп
31 Желтоқсан 2018, 12:20 241 0

Астана, BAQ.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинге жаңа жылдық сыйлық ретінде төрт қап картоп және шошқаның майын (сала) тарту еткен. Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт мәлімдеді.

Азаттықтың қырғыз редакциясының жазуына қарағанда, Лукашенко ТМД елдерінің басқа президенттеріне қолдан жасалған ойыншықтар сыйлаған. Дегенмен Путиннің Лукошенкоға не сыйлағаны айтылған жоқ.

Лукошенконың сыйлығы жайлы ақпарат 29 желтоқсанда екі ел президентінің Мәскеудегі кездесуінен кейін тарады. Бұл Ресей мен Беларусь басшыларының соңғы бір аптадағы екінші кездесуі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Бауыржан