Алматыда дәрігерлер салмағы 730 грамм болып туған сәбидің өмірін сақтап қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Путин өз ажалымен өлмейді"

"Путин өз ажалымен өлмейді"

Ресейлік атақты шахматшы Гарри Каспаров «Путиннің өлімі» туралы өз болжамын айтыпты. Оның сөзінше, Путиннің түбіне өз төңірегіндегілер жетеді. Путин өз ажалымен өлмейді. Украинадан жеңіліс тапқан күні-ақ, оны өз адамдары құрбанға шалып жібереді.

«Оның тағдыры белгілі. Путин үшін шексіз биліктен асқан өмір жоқ. Билік оның жеңілмейтініне әрі жазаланбайтынына кепіл берген тас қорғаны болды. Украинадағы соғыс сол қорғанның быт-шытын шығарады», - дейді Каспаров.

Шахматшы Путиннің Украинадағы жеңілісі Ресейдің күйреуіне әкеледі және оған диктатор ғана жауапты екенін айтады. Оның ойынша, Украина бұл соғыста жеңіске жетеді. Бұл жеңіс - тек қана әскери жеңіс емес. Жаһандық деңгейде баға берсек, қатігездіктің жеңілісі болмақ.

«Бұл жеңіліс - бүгінгі күні Путин жасап отырған зұлымдықтың белгісіндей болып қалады. Дәл қазір Украина әлемді XXI ғасырдың «фашизм» атты нәубетінен құтқарып отыр. Украинаның жеңісі тарихи маңызы бар оқиға болмақ», - дейді шахматшы.

(ақпарат, фото USBANOV Arnasy телеграмм-каналынан алынды)

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары