Мәжіліс "Елбасы" орденін сақтап қалды: мемлекеттің наградалық саясатында не өзгерді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты жаңа дерек айтты

Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты жаңа дерек айтты
ашық дереккөзден

Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасының өліміне қатысты тергеліп жатқан іс бойынша жаңа мәлімет белгілі болды. Сұлтан Сәрсемалиевтің әйелі, марқұмдардың қызы әрі бауыры саналатын Ақбаян Мұқанғалиеваның адам өлтіру дерегіне қатысы жоқ екені айтылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбектің айтуынша, тергеу барысында Ақбаян Мұқанғалиеваның кісі өлтіру фактісіне қатысы барын дәлелдейтін дерек анықталмаған.

"Өлтіру фактісіне қатысы болмағандықтан, оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Ал қылмысты хабарламау дерегі бойынша бөлек іс тіркелді. Бірақ ол бойынша әзірге құқықтық баға берілген жоқ. Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекеті күдікті ретінде сараланған жоқ. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмады", – деді Жандар Болатбек.

Прокурордың айтуынша, Алматыда Мұқанғалиеваның психикалық жағдайына байланысты сараптама жүргізілген. Алайда оның қорытындысы әзірге прокуратураға түспеген.

"Сараптама қорытындысы дайын болды деген ақпарат бар. Бірақ біз оны әлі алған жоқпыз. Қорытынды келіп түскеннен кейін зерделенеді. Егер қосымша сараптама қажет болса, ол да тағайындалады", – деді облыс прокурорының көмекшісі.

Осылайша, Ақбаян Мұқанғалиеваның іс-әрекетіне нақты құқықтық баға оның психикалық жай-күйі толық анықталғаннан кейін беріледі.

Соңғы мәліметке сәйкес, Ақбаян Мұқанғалиева Алматыдан Атырауға жеткізіліп, қазір облыстық психикалық денсаулық орталығында жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер