Jah Khalib, құлыптаулы телефондар және жабық афтерпати: Назарбаев Астанада ұлын үйлендірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты ел естімеген тың дерек шықты

Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты ел естімеген тың дерек шықты
Ақбаян Мұқанғалиева. Фото: ҚР ІІМ

Журналист Жанат Молдашова Атыраудағы қайғылы оқиғадан кейін ем қабылдап жүрген Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайына қатысты жаңа мәліметті бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның жазуынша, Ақбаянның үйіне шыққаны туралы ақпаратты туыстары бұған дейін айтқан. Алайда жақындары бұл мәліметті бірден жарияламауды өтінген.

Журналистің сөзінше, кейін Ақбаянды бауырлары балаларына алып барған. Себебі ол балаларын жиі сұрап, сағынғанын айтқан.

"Балаларым қайда? Сағындым" деп жиі сұраған. Бәрін де танып тұр дейді. Бірақ әлі ем алуы керек. Нақты диагнозы белгісіз", – деп жазды Жанат Молдашова.

Оның мәліметінше, Ақбаянның денсаулығы тұрақталып, жағдайы жақсарған жағдайда балаларын өз қамқорлығына беру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Алайда мұндай шешімді білім бөлімі жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Сонымен бірге журналист Ақбаянға ата-анасы мен бауырларының қайтыс болғаны әлі айтылмағанын жеткізді.

"Туыстары Ақбаянға ата-анасы мен бауырларының жоқтығын әлі айтпаған. Ең ауыры осы", – деді журналист.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер