Песков: Президент Тоқаев - саяси тұрғыдан өте қуатты тұлға
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудағы отбасы қазасы: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тың дерек шықты

Атыраудағы отбасы қазасы: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тың дерек шықты
Ақбаян Мұқанғалиева. Фото: ҚР ІІМ

Атырау тұрғындары Ақбаян Мұқанғалиеваға баспана алуға көмектесу үшін қайырымдылық қорлары мен жанашыр азаматтарға үндеу жасады. Бұл туралы atyrauoil.official Instagram парақшасы хабарлады.

Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, ауыр жағдайды бастан өткерген Ақбаян біраз уақыт Психикалық денсаулық орталығында ем қабылдаған. Жуырда ауруханадан шыққан ол қазір жақындарының жанында оңалту шараларынан өтіп жатыр.

Туыстарының айтуынша, оның жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Дегенмен толық қалпына келуі үшін әлі де уақыт пен тұрақты қолдау қажет.

Қазіргі уақытта Ақбаянның балалары балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Оның басты мақсаттарының бірі – денсаулығын қалпына келтіріп, балаларын жанына алып, бір шаңырақ астында бірге тұру.

Алайда бұл үшін оған ең алдымен тұрақты әрі қауіпсіз баспана қажет.

Осыған байланысты атыраулықтар қайырымдылық қорлары мен бейжай қарамайтын азаматтарды Ақбаянның баспаналы болуына қолдау көрсетуге шақырды. Олардың пікірінше, жеке үй ананың қалыпты өмірге оралып, балаларымен қайта қауышуына маңызды мүмкіндік болмақ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер