Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Президенттің Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі шегерілді – спортшылардан COVID анықталды

Президенттің Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі шегерілді – спортшылардан COVID анықталды

15 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездеседі деп жоспарланған болатын. Бірақ бұл іс-шара кейінге шегерілді. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты. 


Zakon.kz-тің жазуынша, Б. Уәли Президенттің Париж Олимпиадасының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесуі не себепті кейінге шегерілгенін түсіндірді.

«Өздеріңізге белгілі, Президент кеше Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрама мүшелерімен бүгін кездесуді жоспарлаған болатын. Өкінішке қарай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз», - деді ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы.


Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайды. Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 14 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін Қазақстан ұлттық құрамасының бір топ спортшысы мен бапкерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Автор
Еркебұлан