Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Президент тағы бір жарлыққа қол қойды

Президент тағы бір жарлыққа қол қойды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

355 0 0

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні жазылған. Қаулының мәтіні Ақорда сайтында жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев  қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды  2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

  1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2020 жылдың наурыз – маусымында
    және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан республикасының қарулы күштері, ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын.
  2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар
    2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында қарулы күштерге, ішкі істер министрлігіне, ұлттық қауіпсіздік комитетіне, мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
  3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
  4. Үкімет, ұлттық қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметті өткеру үшін қарулы күштерге, ішкі істер министрлігіне, ұлттық қауіпсіздік комитетіне, мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылған азаматтарды жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын, - делінген Тоқаевтың жарлығында.

Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні жазылған.


sputniknews.kz
Автор
Айбар