Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада сенбілікке қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада сенбілікке қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенбілікке шығып, елорданың желілік саябағына ағаш отырғызуға қатысты деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы сенбілікте еріктілермен және студенттермен әңгіме-дүкен құрды.

"Қазақстан – ортақ үйіміз, ондағы тәртіпті сақтауымыз керек. Ағаштар отырғызып, көшелерді таза ұстау қажет. Бұл – біздің азаматтық борышымыз", – деді Қмемлекет басшысы.

Сенбілікке қатысушылар Астананың желілік саябағына екі қарағай мен 39 жөке көшетін отырғызды.

Тоқаевқа елорданы одан әрі көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл қала аумағында миллионнан астам жасыл желек отырғызу жоспарлануда. Сондай-ақ Есіл өзенінің бойындағы саябақтар мен рекреациялық аймақтарды қайта құру жоспарлануда.

Жеңіс Қасымбек президентке қаланы абаттандыру жоспарлары туралы айтып берді.

Президент қала тұрғындарының демалысы үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтіп, Астананы абаттандыруға ерекше назар аударатынын атап өтті.

Автор
Еркебұлан