«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Порошенко мен Зеленский Франция президентімен жеке-жеке кездеседі

Порошенко мен Зеленский Франция президентімен жеке-жеке кездеседі

Украина президенті Петр Порошенко мен президенттікке кандидат Владимир Зеленский сайлаудың екінші тур алдында Батыс Еуропа саясаткерлерімен кездеседі.

12 сәуірде Порошенко мен Зеленский Франция президенті Эммануэль Макрон​мен жеке-жеке кездеседі жоспарланған. Сол күні Порошенко Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельмен кездеседі.

Германия, Франция, Украина және Ресей - 2015 жылы Минскіде жасалған "Норманд төрттігі" аталатын келісімге мүше. Келісім Украина шығысында Ресей қолдайтын сепартистермен туған қақтығысты шешуді көздейді.

Бірақ Путин келісімге мүше үш елдің "талпыныстарынан әзірге нәтиже жоғын" айтқан. Кремльдің өзі екі жылдан бойы ешбір келіссөз жүргізбеген.

Украинадағы президент сайлауының бірінші кезеңінің қорытындысына сәйкес, актер Владимир Зеленский - сайлаушылардың 30,24 пайыз дауысын, ал Петр Порошенко 15,95 пайыз дауыс алған.

Президент сайлауының екінші кезеңі 21 сәуірге белгіленген.


Azattyq
Автор
Арман