Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Порошенко 14 сәуірде стадиондағы пікірсайысқа баратынын мәлімдеді

Порошенко 14 сәуірде стадиондағы пікірсайысқа баратынын мәлімдеді

Украина президенті Петр Порошенко қарсыласы Владимир Зеленскийдің пікірсайысты кейінірек өткізу туралы ұсынысына қарамастан 14 сәуірде Киевтегі Олимпиада стадионына баратынын мәлімдеді. Украинадағы президент сайлауының бірінші кезеңінен өткен Порошенко мен Зеленский бұған дейін пікірсайыс өткізуге келіскен, бірақ екеуі екі түрлі мерзімді атаған: Порошенко - 14 сәуір, Зеленский - 19 сәуір. Киевтегі Олимпиада стадионы пікірсайысты 14 сәуір және 19 сәуірде өткізу туралы өтініш түскенін растады.

Украинадағы президент сайлауының екінші кезеңі 21 сәуірге белгіленген. Сайлаудың бірінші кезеңінде Зеленский Порошенкодан 15 пайызға көбірек дауыс жинаған. Әлеуметтік сауалнама нәтижесі екінші кезеңде де оның көбірек дауыс жинауы мүмкін екенін көрсеткен.


Azattyq
Автор
Жандос