Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Полиция бөлімшелерінде азаматтарды қабылдау фронт-офистері ашылды

Полиция бөлімшелерінде азаматтарды қабылдау фронт-офистері ашылды

Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысындағы полиция бөлімшелерінің барлығында азаматтарды қабылдау фронт-офистері өз жұмысын бастады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, өтініш берушілерге, ақпарат алушыларға, жалпы алғанда полиция қызметіне жүгінгісі келген кез келген тұлғамен тікелей қарым қатынас орнатуға мүмкіндік берген фронт-офистер барлық аудандар мен қалалардағы полиция бөліністерінде іске қосылған.

«Фронт-офис қызметі ең алдымен ашықтық, қолжетімділік қағидаты бойынша ашылып отыр. Бұл жерде қатаң өткізу режимі, торланған терезелер мен есіктер болмайды. Келушілерге арнап жасалған заманауи жағдайлар мен қызметкерлердің ыстық ықыласы халықты бей-жай қалдырмайтыны анық»,- дейді полиция өкілдері.

Фронт-офис жұмысы – халық пен тәртіп сақшылары арасындағы көпір болмақ. Яғни, халық қажетті ақпаратты алып, құқық қорғау органының қызметіне қатысты кез-келген мәселе бойынша кеңес сұрай алады.

Бүгінгі күні облыстық департаментті қоса алғанда, полицияның 20 фронт-офисі қызмет етуде.

Тәртіп сақшыларының заман талабына сай енгізген бірегей жобасы халықтың полицияға деген сенімін арттырып, жақындата түспек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары