Қызылордадағы жол апаты: баласынан айырылған әйелдің кемі он жері сынған - ол әлі ауыр хәлде
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Амалсыздан отыр”: Тұрсынбектің екінші әйелі енесін бірінші рет қонақ қылды

“Амалсыздан отыр”: Тұрсынбектің екінші әйелі енесін бірінші рет қонақ қылды
Фото: ашық дереккөз

Видеода Айманның әзілкештің анасының алдында билеп жүргенін көруге болады. Ол жазбасында енесінің келгеніне қуанышты екенін білдіріп, ана мен бала арасындағы байланысты атап өткен.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы енесімен бірге түскен видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кадрлар желі қолданушыларының назарын аударып, түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Мама келіп, берекеміз артып жатыр. Қанша жасқа келсе де, ана үшін баласы – бала, бала үшін анасы – ана болып қалатыны анық», – деп жазды ол.

Желі қолданушыларының бір бөлігі Айманның енесіне деген ықыласын жылы қабылдап, отбасына ізгі тілектерін білдірді. Алайда кейбір оқырман видеодағы әйелдің көңіл күйіне назар аударып, оның жүзінен мұң байқағанын жазды.

«Амалсыздан отырған сияқты мамасы», «Көзінде мұң бар», «Көңіл күйі жоқ», «Көңілін ауласа да, күлмейді», «Мынаған ашуы келіп жатқан сияқты», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Осылайша, Айман Талғатқызы жариялаған қысқа видео көпшіліктің талқысына түсіп, оқырмандар арасында түрлі болжамға себеп болды. Дегенмен видеодағы адамның көңіл күйіне қатысты пікірлер желі қолданушыларының жеке пайымы ғана.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.