Қызылордадағы жол апаты: баласынан айырылған әйелдің кемі он жері сынған - ол әлі ауыр хәлде
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев шенеуніктердің жұмысын бағалаудың 16 жылдық жүйесін жойды: Енді не өзгереді?

Тоқаев шенеуніктердің жұмысын бағалаудың 16 жылдық жүйесін жойды: Енді не өзгереді?
Фото: Shutterstock

Қазақстанда министрліктер мен әкімдіктердің жұмыс тиімділігін бағалаудың 2010 жылдан бері қолданылып келген жүйесі күшін жойды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті жарлығы 2026 жылғы 21 қазанда қолданысқа енді.

Мемлекет басшысының 2026 жылғы 18 қыркүйектегі №1469 жарлығына сәйкес, Қазақстанда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалауға қатысты бірқатар құжаттың күші жойылды.

Олардың қатарында Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы 19 наурызда қол қойған №954 жарлық та бар. Бұл құжат орталық мемлекеттік органдардың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмысын бағалаудың бірыңғай тәртібін бекіткен болатын.

Жаңа жарлыққа сәйкес, бұрынғы жүйеге қатысты барлығы 33 тармақтың күші жойылған.

Министрлер мен әкімдер енді жауапкершілікке тартылмай ма?

Бұрынғы тәртіпте мемлекеттік органдардың қызмет нәтижелері арнайы рейтинг арқылы бағаланып келген.

Егер министрлік немесе әкімдік рейтингтің соңғы үш орнының біріне тұрақтаса немесе жауапты саласындағы көрсеткіштері үш жыл қатарынан төмендесе, оның бірінші басшысының жауапкершілігін қарау мәселесі көтерілуі мүмкін еді.

Мұндай ұсынысты Президент әкімшілігі енгізетін. Алайда бұл төмен нәтиже көрсеткен басшы міндетті түрде қызметінен босатылады дегенді білдірмейтін. Қандай шара қолданылатыны жеке қаралатын.

Енді дәл осы рейтингке негізделген жауапкершілікті қарау тәртібі тоқтатылды.

Дегенмен бұл министрлер мен әкімдердің жұмысы мүлде бақылаусыз қалады деген сөз емес. Мемлекеттік органдардың қызмет нәтижелерін бағалау басқа құқықтық тетіктер арқылы жалғасады.

Бұрын шенеуніктердің жұмысы қалай бағаланды?

2010 жылы енгізілген жүйе алғашында екі орталық мемлекеттік орган мен бір облыс әкімдігінде сынақтан өткен. Ал 2011 жылдан бастап тұрақты түрде қолданыла бастаған.

Бағалау кезінде мемлекеттік органдардың өз міндеттерін орындауы, бюджет қаржысын тиімді пайдалануы, халықпен байланысы және ішкі басқару сапасы есепке алынған.

Соңғы жылдары операциялық тиімділік үш негізгі бағыт бойынша анықталды:

Мақсаттарға қол жеткізу – 45%. Мемлекеттік органның даму жоспарын орындауы, бюджет бағдарламаларының нәтижелері және бөлінген қаржының тиімді жұмсалуы бағаланды.

Халықпен және бизнеспен өзара байланыс – 30%. Мемлекеттік қызметтердің сапасы, азаматтардың өтініштерін қарау және ведомство қызметінің ашықтығы ескерілді.

Ұйымдастырушылық даму – 25%. Кадрлық саясат пен ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі тексерілді.

Бағалау тек министрліктер мен әкімдіктердің өздері ұсынған есептерге сүйенген жоқ.

Оған ресми статистика, тексеру нәтижелері, тәуелсіз сарапшылардың қорытындылары, әлеуметтік зерттеулер мен қоғамдық кеңестердің ұсыныстары да пайдаланылды.

Жиналған мәліметтер негізінде мемлекеттік органдардың тиімділік рейтингі жасалып, нәтижелері Президентке ұсынылатын.

16 жылдық жүйе неге өзгертілді?

Мемлекеттік органдарды бағалау тәсілдерін жаңарту мәселесі бұған дейін де көтерілген.

2025 жылы Жоғары аудиторлық палата Қазақстанда мемлекеттік органдар қызметін бағалаудың тоғыз түрлі форматы қатар қолданылып отырғанын мәлімдеген.

Мәселен, бір ведомство өңірлердің инвестициялық тартымдылығын бағаласа, екіншісі мемлекеттік органдардың ашықтығына, тағы бірі құқық қорғау саласының тиімділігіне талдау жасаған.

Аудиторлардың пікірінше, кейбір бағалау рәсімдері бірін-бірі қайталап, мемлекеттік басқарудың нақты нәтижелерін толық көрсетуге мүмкіндік бермеген.

Осыған байланысты бағалау жүйесін ықшамдау және оның нәтижеге бағытталуын күшейту қажеттігі айтылған.

Шенеуніктердің жұмысы енді қалай бағалануы мүмкін?

Бұған дейін талқыланған жаңа тәсілде министрліктер мен әкімдіктерді бір-бірімен жарыстырудың орнына, әр мемлекеттік органның өз нәтижесін қаншалықты жақсартқанын анықтау ұсынылған.

Яғни ведомствоның өткен кезеңдегі жұмысы қазіргі көрсеткіштерімен салыстырылуы мүмкін.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың тиімділігін халықаралық тәжірибедегі сияқты AAA, AA, A және BBB әріптік санаттары арқылы бағалау идеясы көтерілген.

Тағы бір ұсыныс – жұмысты тек жылдың соңында емес, жылына үш рет тексеру. Бұл кемшіліктерді ертерек анықтап, оларды түзетуге мүмкіндік беруі тиіс.

Жаңа модельде өткізілген жиындар мен іс-шаралардың санынан гөрі нақты нәтижеге басымдық беру көзделген.

Ол үшін әр министрлік пен әкімдікке жеке тиімділік көрсеткіштерін, яғни KPI бекіту мәселесі қарастырылған.

Сонымен қатар екі жыл қатарынан төмен нәтиже көрсеткен басшыларға қатысты кадрлық шешім қабылдау мүмкіндігі де ұсынылған.

**Алайда аталған өзгерістердің барлығы әзірге талқыланған ұсыныстар екенін ескерген жөн. Оларды ресми түрде бекітілген жаңа талаптар деп

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер