Қызылордадағы жол апаты: баласынан айырылған әйелдің кемі он жері сынған - ол әлі ауыр хәлде
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Құрылтайда 6,5 мың педагогтың жалақысы талқыланды

Құрылтайда 6,5 мың педагогтың жалақысы талқыланды
Фото: ашық дереккөз

Депутаттың мәліметінше, бүгінде Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңға жуық бала білім алады. Оларға 6,5 мыңға жуық педагог-ассистент қолдау көрсетіп келеді. Бұл мамандар балалардың оқу процесіне бейімделуіне, тапсырмаларды орындауына және білім беру ортасында өздерін жайлы сезінуіне көмектеседі.

Мәжіліс депутаты Айнагүл Балташева ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагог-ассистенттердің еңбек жүктемесі мен жалақысын есептеудің бірыңғай тәртібін енгізу қажет екенін айтты. Оның сөзінше, қолданыстағы талаптардың нақты болмауы өңірлерде жұмыс уақытын әртүрлі есептеуге себеп болып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда педагог-ассистенттердің жұмыс уақыты мен еңбекақысын есептеу мәселесі әлі де нақтылауды қажет етеді. Айнагүл Балташеваның айтуынша, бұған дейін олардың апталық нормативтік оқу жүктемесі 16 сағат болып белгіленген. Қазіргі тәртіптегі түсініксіздіктер салдарынан әр өңірде мамандардың жұмыс уақыты мен еңбек жүктемесін есептеу тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін.

Депутат бұл мәселені шешу үшін Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар ұсыныс жолдады. Атап айтқанда, педагог-ассистенттердің апталық 16 сағаттық нормативтік жүктемесін нақты бекітіп, олардың еңбек міндеттерін орындауға жұмсайтын уақытын толық есепке алуды ұсынды.

Сонымен қатар балалармен тікелей жұмыс істеу, сабаққа дайындалу және өзге де кәсіби міндеттерге кететін уақытты есептеу тәртібін айқындау қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, еңбек жүктемесі мен жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі мамандардың құқықтарын қорғауға және олардың еңбегін әділ бағалауға мүмкіндік береді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.