Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, Перизат Қайраттың артында ықпалды тұлғалар болмаған, ол заңсыз әрекеттерін анасы екеуі ғана жасаған.
«Қорға түскен ақшаны Перизат Қайрат пен анасы иемденді. Жеке үй, төрт пәтер, көліктер – барлығы осы қаржыға алынған. Тергеу барысында басқа адамдардың қатысы анықталған жоқ», – деді Елемесов Сенат дәлізінде.