Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сот Перизат Қайраттың қайырымдылық қорын жою туралы шешімді күшінде қалдырды

Сот Перизат Қайраттың қайырымдылық қорын жою туралы шешімді күшінде қалдырды

Осылайша, Қайраттың қор жұмысын қайта қалпына келтіруге бағытталған әрекеті тағы да сәтсіз аяқталды.

Бұған дейін Астана қаласының экономикалық соты Әділет министрлігінің талап-арызы негізінде қорды мәжбүрлі түрде жою туралы шешім қабылдаған болатын. Сот материалдарына сүйенсек, Перизат Қайрат қорды тіркеу барысында басқа құрылтайшылардың атынан жалған қол қойып, олардың жеке деректерін заңсыз пайдаланған. Сот-сараптамалық зерттеулер бұл деректерді растады. Құжатта аты-жөні жазылған азаматтардың өзі аталған жобаға мүлде қатысы жоқ екенін және ол туралы алғаш рет естіп отырғандарын мәлімдеген.

Сот қорытындысында қорды тіркеу заң талаптарына сай келмейтіні және бұл әрекет азаматтардың конституциялық құқықтарының өрескел бұзылуына себеп болғаны атап көрсетілген. Дәл осы факторлар ұйымды таратуға негізгі себеп болды.

Осылайша, Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорының заңсыз тіркелгені ресми түрде дәлелденіп, қызметін жалғастыруға мүмкіндік берілмеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.