Мұнайдан – жасанды интеллектке: Global Banking & Finance Review Қазақстан туралы не жазды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Перизат Қайраттың түрмедегі қызметі белгілі болды

Перизат Қайраттың түрмедегі қызметі белгілі болды
Фото: Masa media

Ведомствоның мәліметінше, Перизаттың анасы Ғайни Алашбаева әзірге жұмысқа орналаспаған. Ал Қайраттың еңбекақысы мен жұмыс кестесіне қатысты ақпарат жарияланбады.

Қайырымдылыққа жиналған қаржыны жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайрат жазасын өтеп жатқан мекемеде еден жуушы болып жұмыс істейді. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ақпар берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Комитет сотталғандардың жазасын қай мекемеде өтеп жатқаны туралы мәлімет олардың жақын туыстарына ғана берілетінін атап өтті.

Еске салайық, «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайрат 2024 жылдың қарашасында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді. Тергеу нұсқасы бойынша, ол қаражаттың бір бөлігін қымбат жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуға, сондай-ақ шетелдік сапарларға жұмсаған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.