"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Перизат Қайрат сотқа Бауыржан Байбекті шақырып жауап алуды сұрады

Перизат Қайрат сотқа Бауыржан Байбекті шақырып жауап алуды сұрады

Құрылтайшылардың бәрі – партияның қазіргі немесе бұрынғы қызметкерлері.

Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында өткен тыңдау кезінде Перизат Қайрат  пен оның анасы өздеріне тағылған айыптармен келіспейтіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz

- Айыптау актісіндегі уәждер негізсіз. Тергеу барысындағы қиял үшін мен жауапты емеспін, – деді Перизат Қайрат сотта.

Сондай-ақ ол «Ескі Қазақстандағы» белді шенеунік болған Бауыржан Байбектің атын атады.

 Сотталушы Қайрат сот тергеуі барысында әуелі қор құрылтайшыларынан жауап алуды сұрап, сол сәтте «Нұр Отан» (қазіргі Amanat) партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атын атады.

Айыптау актісінің бірінші абзацынан бастап мені анаммен бірге қор құрды, құрылтайшылардың қолын қолдан жасады деп айыптайды. Бірақ бұл қор партия жанында, Байбектің басшылығымен құрылған. Құрылтайшылардың бәрі – партияның қазіргі немесе бұрынғы қызметкерлері. Сондықтан бұл мәселенің басын ашу үшін Бауыржан Байбектің өзінен жауап алынуы керек, – деді Перизат Қайрат.

Еске салайық, бүгін Астанада Перизат Қайраттың соты басталды.

 Бауыржан Байбек партияны 2019 жылдың маусымынан 2022 жылдың ақпанына дейін басқарды.

Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева қайырымдылық ақшасын мақсатсыз жұмсады, 3 млрд теңгеге жуық қаржыны жымқырды деген күдікпен сотқа тартылып отыр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.