Перитониттің жайылып тарауында іш қуысы қабаттары рөлі. Іш қуысы топографиясы, қабаттары туралы реферат
02.01.2021
01:11
0
1
Тақырыбы: Перитониттің жайылып тарауында іш қуысы қабаттары рөлі. Іш қуысы топографиясы, қабаттары туралы реферат
Перитонит
Перитонит деп - ішастарының жедел қабынуын айтады. Ол жергілікті және жалпы белгілермен, дененің өмірге маңызды ағзалары мен жүйелерінің қызметтерінің айқын бүзылыстарының дамуымен сипатталады.
Перитониттің этиологиясы әрқилы, біріншілік және екіншілік перитонит деп жіктелу жүйесі қалыптасқан. Біріншілік перитонитке ішқуысына микробтардың енуін айқындайтын кіреберістері жоқ, ол жағдайда микрофлора гематогенді, лимфогенді жолмен және жатыр түтіктері арқылы енуі мүмкін. Бұл жағдай өте сирек, шамамен 1% жағдайда кездеседі.
Перитонит ешқашан өздігінше пайда болмайды, әдетте ол құрсақ қуысындағы ағзалардың әртүрлі ауруларының асқынуынан және жарақаттануынан туады.
хирургиялық аурулардың ішінде перитониттің дамуына себепші болатын аурулар:
жедел аппендицит (55,4%),
жедел холецистит (8,9%), і
ішектің түйілуі (7,6%),
қысылған жарықтар (6,8%),
асқазан мен 12-елі ішектің ойық жарасының тесілуі (6%),
жедел панкреатит (4%),
ішектің жарақатық зақымдары (4%)
шарбы майы мен қан тамырларының тромбозынан болған
қуық тесілуінен болған
пельвиоперитонит, әйелдер жыныс мүшелерінің қабыну ауруларынан болған
онкологилық
операциядан кейінгі аурулар жағдайында пайда болуы мүмкін.
Сондай-ақ перитонит жіктелуінде септикалық және асептикалық түрлерін де ажыратады.
Клиникалық ағымына байланысты-реактивті(24 сағ. дейін), токсикалық(24-72 сағ.), терминалдық(72 сағ. кейін); сатысы бойынша- компенсация, субкомпенсация, декомпенсация сатыларын; экссудат тіріне байланысты- серозды, фибринозды, фибринозды-іріңді, іріңді түрлерін ажыратады.
Іш қуыс пердесінің қабынуында дұрыс ем тағайымдау үшін, оның іш қуысына қаншама жайылып кеткендігіне байланысты В.В. Федоров (1974) патологиялық процестің жайылып кету сатысына қарап классификация ұсынды:
Құрсақ қуысын тазарту әдістерін жетілдіру барысында перитонеальді лаваж бен перитонеальді диализ ұсынылды. Көптеген хирургтардың жұмысы ағынды, фракционды және ағынды-фракционды диализге арналған.
Құрсақ қуысын тазартудың ең тиімдісі ашық әдістер болып табылады. Осы мақсатпен Микулич пен Ж.Л. Фораның «ашық іш» туралы ойлары жетілдіріле түсті. Бұл әдістің модификациясы - лапаростомия түрінде кең таралды және құрсақ қуысын толық тазартуға мүмкіндік берді.
Бұл әдістің жетіспеушіліктері де байқалды, олар: ішек жыланкөзінің пайда болуы; үстеме инфекцияның даму қаупі; вентральді жарықтың түзілуі. Бұл асқынулар салмақты болып табылады, сондықтан барлық авторлар релапаротомияны жасауға қатал көрсеткіштер болуы қажет деп санайды. Жедел іріңді перитонит кезінде асқазан-ішектің декомпрессиясын жасаудың маңызы өте зор. Ішектің улы бөліністерін шығарып алып тастау, құрсақішілік қысымды түсіру, ішек қабырғасының микроциркуляциясын жақсарту, ерте кезецде энтеральді тамақтанудыңтуу мүмкіндігі -бұл әдісті ақтайтын тиімді жақтары болып табылады, ол екі саңылаулы түтіктің көмегімен назоинтестинальді интубация жасау арқылы жүзеге асырылады.
Ішектің перистальтикасын ынталандыратың медикаментозды ем: натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісін, прозерин, питуитрин, серотонин-адипинатың, умбретидті қолдану әртүрлі дәрежелі нәтиже береді. Сонымен қатар, ішекті электрлік ынталандыру, ГБО, инелік рефлексотерапия, эпидуральді қоршау ішектің моторикалық қызметін күшейтеді деген мәліметтер бар. Кейінгі кезде энтеросорбция қолданылып жүр.
- Жергілікті іш қуысының қабынуы
- жайылмалы іш қуысының қабынуы
- Мезотелий
- Аралық мембрана
- Беткі коллагенді қабат
- Беткі эластикалық қабат
- Терең эластикалық қабат
- Терең коллагенді-эластикалық қабат
- Сору және резорбцияға қатысады (1 сағ. 70 литр сұйықтыққа дейін фильтрациялай алады)
- Фибринолитикалық қасиетке ие
- Мезотелиоциттер микробүрлерді құрайды
- Аркадтар
- Қан-айналысының аздығы
- активті лимфокапилярлы жүйе
- ауырсынуға сезімтал иннервация (іш пердесін тітіркендірсе адамда шок дамиды)
- Клеткаарлық зат сұйықтықты транспорттайтын интерстициалды каналдар түзеді.
- су – минералды алмасуға қатысады
- Серозды қуыстағы ағзалар активтілігін қамтамасыз етеді
- макрофагиялық жүйенің көмегімен серозды қуыстың стерилділігін қамтамасыз етеді
- биологиялық барьер қызметін атқарады.
- ішектердің ұзындығының өсуі және дифференциясы
- бөліктерінің өзгеруіне байланысты ішектердің жылжуы
- Іш пердесінің бөліктерінің екіншілік фиксациясы
- интраперитениальды: висцеральды жапырақшамен барлық қабаттары қапталған, бауыр мен ас-қазан (Сапин бойынша), өт қабы түтігі, жалпы холедох, көлденең 12-елі ішектің жоғарғы бөлігі, ащы ішек, соқыр ішек, аппендикс, колденең тоқ ішек, сигматәрізді ішек, тік ішектің жоғарғы бөлігі.
- мезоперитонеальды: үш жағынан іш пердесімен қапталған, бауыр мен ас-қазан (хирургиялық), өт қабы, жоғарлаған және төмендеген тоқ ішектер, тік ішек ортаңғы бөлігі, қуық (толы күйінде), жатыр (күмбезі мен денесі).
- Сумкалар, жоғарғы қабат кеңістіктері: бауырлық сумка, оң жақ диафрагма асты және бауырасты кеңістіктері, ұйқы безі сумкасы: сол жақ диафрагма асты және ұйқы безі алды қуысы, шажырқай сумкасы, кіші шажырқай сумкасы,
- Синустар: париетальды жапырақшаның іш қабырғасынан ішкі органдарға өткен жері: оң шажырқай синусы, сол шажырқай синусы.
- Қалталар:Жоғарғы және төменгі илеоцекальды, соқыр ішек артқы, дуаденальды жұп, ретродуаденальды, ерлерде қуық тік ішектік, әйелдерде қуық –жатырлық, жатыр-тік ішектік, 12-елі ащы ішектік, сигматәрізді аралық
- каналдар: оң және сол бүйірлік
- байламдар: бұл іш пердесінің органнан органға өтетін қосарланған жері
- шажырқайлар: паретальды жапырақшаның артқы қабырғадан ішкі органдарға өткен жері, органдар фиксациясы қызметін атқарады
- Қатпарлар: Іштің алдыңғы бетінде паретиальды перденің анатомиялық түзілімдерді(қан тамыры, ағу жолдары) көмкеруінен түзілген, іш қуысы, ортаңғы кіндік, медиалды кіндік, медильды кіндік
- ойықтар
- шұңқырлар медиальды, латералды шаптық
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ