Қазақстанның 71% мұғалімі өз жалақысына көңілі толады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің көз жұмғаны ресми расталды

Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің көз жұмғаны ресми расталды
Фото: Иранның Жоғарғы Көшбасшысының кеңсесі

Иранның Жоғарғы көшбасшысы, аятолла Әли Хаменеинің қаза тапқаны ресми түрде расталды. Бұл туралы Иранның мемлекеттік ақпарат агенттігі IRNA хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Агенттік мәліметінше, Ислам революциясының жетекшісі сенбі, 28 ақпан күні таңертең жасалған шабуыл салдарынан көз жұмған.

«Ислам революциясының Ұлы жетекшісі, мәртебелі аятолла Хаменеи сенбі күні таңертеңгі шабуыл нәтижесінде шейіт болды», – делінген ресми хабарламада.

Ирандық бұқаралық ақпарат құралдарының дерегіне сәйкес, ол қаза тапқан сәтте қызметтік міндеттерін атқарып, жұмыс орнында болған.

Ел билігі республика аумағында 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялады. Сондай-ақ 7 күн мемлекеттік демалыс күні ретінде белгіленді.

Әли Хаменеи 86 жаста еді. Ол Иранның Жоғарғы көшбасшысы қызметін 1989 жылдан бері атқарып келген. Бұған дейін сегіз жыл бойы ел президенті болған.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.