АҚШ президенті Дональд Трамп Иран айналасындағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасап, қазіргі кезеңде дипломатиялық келісімге келу мүмкіндігі арта түскенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
CBS News телеарнасына берген сұхбатында Ақ үй басшысы соңғы әскери іс-қимылдардың өңірдегі күштер арақатынасына ықпал еткенін жеткізді. Оның пікірінше, АҚШ пен Израильдің соққыларынан кейін Иранның ішкі саяси жағдайы өзгеріп, келіссөздер жүргізуге жаңа алғышарттар қалыптасқан.
Трамптың сөзінше, дәл қазір келісім жасау бұрынғыға қарағанда жеңілірек. «Қазір мәмілеге келу бір күн бұрынғыдан әлдеқайда оңай. Себебі қарсы тарап елеулі соққы алды», – деді ол сұхбат барысында.