Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодарда жол апатынан жаңа туған сәби көз жұмды

Павлодарда жол апатынан жаңа туған сәби көз жұмды

Павлодарда «Атамекен – Русская Поляна» автожолында Лада Гранта және БМВ маркалы жеңіл көліктері соқтығысты. Оқиға салдарынан жаңа туған нәресте көз жұмды. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Ақсу өңірінің Ребров ауылының маңындағы «Атамекен – Русская Поляна» автожолында Лада Гранта және БМВ маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Лада автокөлігінде болған сәби көз жұмды. Бала жақында ғана дүниеге келген, қырқынан да шығып үлгермеген. Екі көліктің де жүргізушілері зардап шеккен, олар ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.
Автор
Айбар