Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодарда коронавирус жұқтырған науқас індетке Нұр-Сұлтан қаласында тап болған - Қазақстан жаңалықтары

Павлодарда коронавирус жұқтырған науқас індетке Нұр-Сұлтан қаласында тап болған - Қазақстан жаңалықтары

Павлодарда коронавирус жұқтырған алғашқы науқас індетке қайдан тап болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берікжан Досмайылов мәлім етті. 

«27 наурызда Павлодар облысының 1988 жылы дүниеге келген тұрғынынан коронавирус инфекциясы анықталды. Ол азамат бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан адаммен байланысты болған. Пациент бекітілген алгоритмге сәйкес, инфекциялық госпитальге жатқызылды. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қалыпты. Дене қызуы тиісті деңгейде, денсаулығына шағымы жоқ. Бұл азаматпен байланыста болған адамдар табылды және қажетті эпидемияға қарсы шаралар қолданылды», - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар қаласында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас анықталғаны жайлы айтылған еді. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан