Өмір бойына сотталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдыры белгілі болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодарда кәріз құдығынан алты адамның мәйіті табылды

Павлодарда кәріз құдығынан алты адамның мәйіті табылды
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының Ақтоғай ауданында орналасқан «Aqtogai Milk» ЖШС аумағында болған қайғылы оқиға салдарынан алты адам көз жұмып, тағы бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Жоламан ауылындағы кәсіпорын аумағында кәріз құдығында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жұмысшылар электр сорғысындағы ақауды жою үшін құдыққа түскен кезде қайғылы жағдай орын алған.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның қаза болғанын тіркеді. Ал 1988 жылы туған тағы бір азамат көмірқышқыл газынан орташа дәрежеде уланып, Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдай қауіпсіздік талаптарының сақталмауы немесе құдық ішінде жиналған улы газдың әсерінен болуы мүмкін. Ресми қорытынды тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.