"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодарда бүлдіршін тайып құлап, омыртқасын сындырып алды

Павлодарда бүлдіршін тайып құлап, омыртқасын сындырып алды

Павлодарда көшедегі көктайғақтан жарақат алғандардың саны артты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан сайты.

Бұл өсім 10 наурыздан бастап байқалды, сол күні 80-ге жуық адам жедел жәрдемге жүгінді. Көмек көрсетілгеннен кейін олардың 20-сы травматология және политравма бөлімдеріне жатқызылды.

Оларға ота жасалады. Қалғаны амбулаториялық емделуге жіберілді. Бұл туралы №1 Павлодар қалалық ауруханасының травматолог-дәрігері Жанболат Ғазизов хабарлады.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева зардап шеккендердің арасында бес бала бар екенін айтты. Олардың төртеуі медициналық көмек алғаннан кейін амбулаториялық емделуге жіберілді, ал бір бала тайып құлап, омыртқасын сындырып алған. Ол облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне түсті.

Автор
Нұрсұлтан