Павлодар облысында әкімдер "хан сарайындай" кабинетте отырған
09.11.2018
19:25
0
12

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті ауылдық округ әкімдерінің кабинеттерін тексеріп, олардың бұйрықта бекітілген нормаға сай еместігін анықтады деп хабарлайды baq.kz.
Мамандардың айтуынша, еліміздегі Қаржы министрлігі бекіткен нормаға сәйкес, әкімдердің кабинет аумағы 15 шаршы метрден аспауы тиіс.
"Нәтижесінде Аққулы ауданының басшылығына әкімдер отырған кабинеттерді қайта қарастыру ұсынылып, 120 шаршы метр алаң босатылды", - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Айнұр Сәдуақасова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ