Басты тақырып

Парламент сайлауының қорытындысы шықты

KZNEWS KZNEWS
Парламент сайлауының қорытындысы шықты

Орталық сайлау комиссиясында ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындылары жариялады.

Сайлауда 7 241 562 қазақстандық дауыс берілді.

Сайлаудың алдын ала қорытындысы мынадай болды:


  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) -  659 019 дауыс немесе 9,10 пайыз дауыс;

  • Nur Otan партиясы -  5 148 74 дауыс немесе 71,09 пайыз дауыс;

  • "Ақ жол" партиясы -  792 828 дауыс немесе 10,95 пайыз дауыс;

  • "Ауыл" партиясы - 383 023 дауыс немесе 5, 29  пайыз дауыс;

  • ADAL саяси партиясы -  258 618 дауыс немесе 3,58 пайыз дауыс.


Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша да Мәжіліске 7 пайыздан аса дауыс жинаған үш партия өтті.

Сонымен Мәжілісте Nur Otan партиясында 76 депутаттық мандат, "Ақ жолда" 12 депутаттық мандат, Қазақстан Халық партиясында 10 депутаттық мандат, Қазақстан халқы ассамблеясында 9 депутаттық мандат бар.

Айта кетейік, 2021 жылғы 10 қаңтарда республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы алды.

Сондай-ақ 10 қаңтарда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері жарияланды.

Мәжіліс депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері былай бөлінді:


  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 9,03 пайыз дауыс;

  • Nur Otan партиясы - 71,97 пайыз дауыс;

  • "Ауыл" партиясы - 5,75 пайыз дауыс;

  • "Ақ жол" партиясы - 10,18 пайыз дауыс;

  • ADAL саяси партиясы - 3,07 пайыз дауыс.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz