Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Париж-2024: Махмұд Сабырхан ширек финалға шыға алмады

Париж-2024: Махмұд Сабырхан ширек финалға шыға алмады

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Париж олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Махмұд Сабырхан Париж олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жеңіліске ұшырады. 57 келіде өнер көрсететін отандасымыз Еуропа ойындарының күміс жүлдегері, испаниялық Хосе Кильес Бротонсқа жұдырықтасып, төрешілердің “бармақ басты, көз қысты” әрекетінің құрбаны болды. Осылайша Махмұд Қазақстан құрамасындағы жеңіліске ұшыраған үшінші боксшы атанды. Ол ширек финалға жолдама алғанда осы олимпиада ойындарының басты фавориті, өзбек Халаковпен жұдырықтасатын еді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасындағы Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы айналымда жеңіліп қалған еді.

Автор
Еркебұлан