KZNews.kz
Шоу-бизнес

Өз-өзіме қол салмақ болдым – актер Дархан Мұсаев

Ayzhan Sylanova

Мұсаевтың айтуынша, соңғы уақытта оған түрлі сұрақтар қойылып, жақындары мен әріптестерінен қоңыраулар толастамаған. Сол себепті актер Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, барлығына бір жауап беруді жөн көрген.

«Маған осы уақытқа дейін қаншама адамнан қоңырау түсті. Туған-туысқандардан, жақындардан. Әрқайсысына жеке-жеке жауап қайтармайын деп сұхбат бердім. Бәріне бір жауап болсын дедім», – дейді ол.

Дархан Мұсаев сондай-ақ сұхбат алдында ауыр күйзеліс кезеңінен өткенін жасырмады.

«Ал оған дейін қандай күйде болғанымды өзімнен басқа ешкім білмейді. Сол уақытта өз-өзіме қол жұмсауға дейін бардым. Тойға, киноға баруға былай тұрсын, тіпті көшеге шығудан қалдым. Мен олай әр адамға мазақ болғанша, сотталып кеткенім артық деп ойладым», – деді актер.

Сонымен қатар ол өзіне тағылған айыптаулармен келіспейтінін және ақиқатты айтуға дайын екенін атап өтті.

«Мен өз ақиқатымды айтамын. Қандай арыз-шағым түсірсе де, өз пікірімді жеткіземін. Керек болса, шындық детекторынан өтуге де дайынмын», – деді Мұсаев.

Актердің бұл мәлімдемесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Көпшілік тарапынан оған қолдау көрсетушілер де, сын айтушылар да бар.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары