Өзбекстан президентінің үлкен қызы Саида Мирзиёева басшылық қызметке тағайындалды. Ол ақпарат және бұқаралық коммуникация агенттігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz аталған агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктегілердің айтуынша, Саида Мирзиёева PR-орталық қызметін басқарады. Аталмыш орталық Өзбекстанның шетелдегі имиджін қалыптастырумен айналысады, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен жұмыс істейді.
stan.kz