Өзбекстанда отбасылық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. Енесі келінін бірнеше рет пышақтап, салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.
Сот материалдарына сәйкес, жанжалға келіннің отбасы ішіндегі мәселелерді өз анасына айтып жүргені себеп болған. Енесі оның отбасылық құпияны сыртқа шығарғанына ашуланып, екі әйелдің арасында кикілжің туындаған.
Жанжал кезінде айыпталушы келініне бірнеше рет пышақ сұққан. Жәбірленуші алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Сот әйелді адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.