Министрлік Бибісара Асаубаеваның жалақысы неге азайғанын түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Отбасылық құпияны айтып қойған келінін енесі өлтіріп қойды

Отбасылық құпияны айтып қойған келінін енесі өлтіріп қойды
Dalanews.kz коллажы / ЖИ

Өзбекстанда отбасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Енесі келінін өлтірді деп танылып, сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп kznews.kz тілшісі dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот материалдарына сүйенсек, оқиғаға отбасылық құпияға қатысты дау себеп болған. Айыпталушы әйел келіні үйдегі мәселелерді өз анасына айтып жүр деп күдіктенген.

Осыдан кейін екеуінің арасында жанжал шыққан. Кикілжің кезінде әйел келініне бірнеше рет пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған келін оқиға орнында көз жұмды.

Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 10 жыл түрме жазасын тағайындады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер