Түркістанда ер адам ұлы мен келінін өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы журналист Айка Айтаханова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ерлі-зайыпты Қызылордадан 86 жастағы анасының жерлеу рәсіміне келген. Кейін үйде әкесі мен ұлының арасында жанжал туындаған.
Кикілжің қайғылы жағдайға ұласып, ер адам ұлы мен келінін пышақтап өлтірген көрінеді. Оқиғадан кейін күдікті полицияға өзі қоңырау шалып, болған жағдайды айтып берген. Қазір ол қамауға алынған.
Көршілердің айтуынша, марқұмдардың бірінің денесі үйден, екіншісі ауладан табылған. Олар күдіктіні бұрыннан жақсы адам ретінде білетіндерін айтып, болған жайтқа таңданысын жасырмады.
Қазір құқық қорғау органдары қылмыстың себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.