Өзбекстанда енесінің келінін өлтіруіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды kznews.kz.
Dalanews.kz мәліметінше, қайғылы оқиғаға отбасындағы жанжал себеп болған. Сот материалдарына қарағанда, айыпталушы келінінің үй ішіндегі мәселелерді өз анасына айтып жүргеніне күдіктенген.
Осыдан кейін ене мен келіннің арасында кикілжің туындап, жағдай көп ұзамай қайғылы оқиғаға ұласқан. Жанжал кезінде айыпталушы келініне бірнеше рет пышақ сұққан.
Алған ауыр жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.
Сот әйелді кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.