Асхат Аймағамбетов: Мектеп отбасының орнын толық алмастыра алмайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістанда ер адам ұлы мен келінін өлтірді

Түркістанда ер адам ұлы мен келінін өлтірді
Көрнекі фото: Ignatiev/Getty Images

Түркістан қаласында ер адам ұлы мен келінін өлтірді деген ақпарат тарады. Оқиға туралы журналист Айка Айтаханова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналистің дерегінше, ерлі-зайыптылар Қызылордадан Түркістанға анасының жерлеу рәсіміне келген. Кейін әкесі мен ұлының арасында жанжал туындаған.

Жанжал соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам ұлы мен келінін өлтіріп, кейін полицияға өзі хабар берген.

Көршілердің айтуынша, марқұмдардың бірінің денесі үйдің ішінен, екіншісінікі ауладан табылған.

Тұрғындар күдіктіні бұрыннан танитынын және оның мұндай әрекетке барғанына сену қиын екенін айтқан.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен өзге де мән-жайлары анықталып жатыр. Журналист таратқан мәліметтердің бір бөлігі әзірге құқық қорғау органдарының ресми қорытындысымен расталмаған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер