"Қалай сенерімді білмеймін": Қаза тапқан полицейдің қарындасы жан тебірентер жазба жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Өртенген күйі табылған полицей ісі: Қылмысқа қатысты жаңа деректер шықты

Өртенген күйі табылған полицей ісі: Қылмысқа қатысты жаңа деректер шықты
ашық дереккөзден

Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция бөлімінің аға детективі Аслан Әлсеровтің өліміне қатысты тың мәліметтер жария болды. Алматы облысында өртенген күйі табылған полиция қызметкерінің қазасы қоғамда үлкен резонанс тудырған еді, деп хабарлайды kznews.kz.

"Время" басылымының дерегінше, қайғылы оқиға полиция күні қарсаңында болған. Сол күні марқұм жұмыстан үйіне кеш оралған. Оның сол сәтте ішімдік ішкен-ішпегені әзірге нақты белгісіз. Алдын ала ақпарат бойынша, үй ішінде ұстара жүзіне қатысты дау туындап, кейін жанжал төбелеске ұласқан болуы мүмкін.

Марқұмның жұбайы да бұрын полиция саласында қызмет еткені айтылады. Басылым мәліметінше, әріптестері арасында Аслан Әлсеровтің әйеліне бұған дейін бірнеше рет қол көтергені туралы сөз тараған. Сондай-ақ әйелдің жұмысқа денесінде соққы іздерімен келген кездері болғаны айтылып отыр. Алайда бұл мәліметтерге қатысты ресми органдар әзірге нақты түсініктеме берген жоқ.

Сол түні үйдегі айқайдан кейін әйелдің 15 жастағы екі ұлы мен олардың 14 жастағы досы оқиға орнына келгені хабарланды. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, жасөспірімдердің бірі ер адамның басынан қатты затпен ұрған болуы мүмкін. Қазір тергеу оның нақты қандай затпен соққы алғанын анықтап жатыр.

Кей дерекке сүйенсек, ес-түссіз жатқан ер адамның қол-аяғы киіммен байланған болуы ықтимал. Кейін күдіктілер оның денесін көпқабатты үйдің жанындағы көлікке апарған деген болжам бар. Мәйіт көрпеге немесе жаймаға оралған болуы мүмкін.

Таңға жуық көлік Алматы облысының Кеген ауданы бағытындағы ауылдардың бірінен өткен. Кейін Көкпек – Көктал – Кеген тас жолынан тауға қарай шамамен жарты шақырым жүрген соң, марқұмның денесі сол маңда өртелгені айтылады.

Полицейдің сүйегін тауға жоғалған малын іздеп шыққан жергілікті шопан тауып, құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Қазір тергеу қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындамақ. Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың ұялы телефондары да тексеріледі.

Алдын ала мәлімет бойынша, Арайлым Әлсерова, оның екі ұлы және 14 жастағы жасөспірім ұсталған. Олардың кінәсін мойындағаны айтылғанымен, бұл жөнінде ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ. Күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденбейінше, олар кінәсіз деп саналады.

Аслан Әлсеров полиция қызметіне шамамен 10 жыл бұрын келген. Ол бұған дейін арнайы жедел әрекет ету бөлімінде қызмет атқарып, былтыр тамыз айында Алматы қаласы Әуезов ауданы қылмыстық полиция бөлімінің аға детективі болып тағайындалған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер