"Қалай сенерімді білмеймін": Қаза тапқан полицейдің қарындасы жан тебірентер жазба жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Қош болыңыз, батыр ағатай": Өртенген күйі табылған полицейдің қарындасы жазба жариялады

"Қош болыңыз, батыр ағатай": Өртенген күйі табылған полицейдің қарындасы жазба жариялады
kznews.kz коллажы

Алматы облысында өртенген күйі табылған полиция қызметкері Аслан Әлсеровке қатысты жаңа деректер мен марқұмның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, Аслан Әлсеров Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция бөлімінде қызмет еткен. Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта марқұмның жұбайы, екі ұлы және олардың 14 жастағы досы күдікті ретінде ұсталған.

Тергеу дерегіне сәйкес, оқиға болған күні полиция қызметкері үйіне кеш келген. Үйде шыққан жанжал кейін төбелеске ұласқан. Алдын ала нұсқа бойынша, жасөспірімдердің бірі ер адамның басынан ауыр затпен ұрған болуы мүмкін.

Кейін күдіктілер ес-түссіз жатқан ер адамның денесін көлікке салып, Алматы облысы Кеген ауданына қарай алып кеткен деген болжам бар. Тергеу мәліметінше, мәйіт Көкпек – Көктал – Кеген тас жолынан тауға қарай шамамен жарты шақырым жерде өртелген болуы мүмкін.

Осы оқиғадан кейін марқұмның қарындасы Ақерке Қалиақпарова Instagram парақшасында ағасын жоқтап, әсерлі жазба жариялады.

“Бәрімізді қорғап жүрген ардақты ағатай... Бұл қаралы хабарды қабылдау өте ауыр болды. Сіздей елге қорған болған, әрдайым халықтың тыныштығы үшін қызмет еткен азаматтың өмірден өтуі жүрекке қатты батты”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол ағасына деген құрметі мен алғысы шексіз екенін айтып, оның жарқын бейнесі жақындарының жүрегінде мәңгі сақталатынын жеткізді.

“Қарындасыңыз ретінде сізге деген құрметім мен алғысым шексіз. Жылы жүзіңіз, қарапайым мінезіңіз, елге деген адал қызметіңіз ешқашан ұмытылмайды. Сіздің жарқын бейнеңіз әрдайым жүрегімізде сақталады. Жаныңыз жәннатта болсын, ағатай. Қош болыңыз, батыр ағатай”, – деді Ақерке Қалиақпарова.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденбейінше, олар кінәсіз деп саналады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер