Құрылтай сайлауы белгіленді: 7 партия додаға қатысудан дәмелі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында қаза тапқан полицей туралы тың дерек шықты

Алматы облысында қаза тапқан полицей туралы тың дерек шықты
ашық дереккөзден

Алматы облысында өртенген күйі табылған 37 жастағы аға жедел уәкіл Аслан Әлсеровтің өліміне қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. Сырт көзге тату, спортқа жақын әрі полиция қызметінде үлгілі отбасы ретінде танылған Әлсеровтер шаңырағы бүгінде қоғам назарындағы ең резонансты істердің біріне айналды, деп хабарлайды kznews.kz.

Stan.kz тілшісі аталған іске байланысты марқұмның бұрынғы әріптесімен сөйлесіп, Аслан Әлсеровтің қызметтегі болмысы, кәсіби жолы және отбасы туралы белгілі жайттарды сұрады.

Бұрынғы әріптесінің айтуынша, ол алғашында қаза тапқан адамның Аслан Әлсеров екенін бірден аңғармаған. Себебі полициядағы әріптестері оны көбіне атымен емес, лақап атымен атаған.

"Оқиға туралы мәліметті алғаш көргенде, оның Аслан екенін бірден түсінбедім. Өйткені біз оны атымен сирек атайтынбыз. Қаладағы әріптестері арасында оны көбіне "Басар" немесе "Слепой" деп атайтын. Өзі де өзін үнемі "Слепоймын" деп таныстыратын. Бұл лақап аттың қайдан шыққанын нақты білмеймін, уақыт өте солай қалыптасып кеткен", – дейді марқұмның бұрынғы әріптесі.

Оның сөзінше, Аслан Әлсеров пәтер ұрлығы бойынша қылмыстарды ашуда мол тәжірибесі бар маман болған. Қылмыскерлерді анықтау, ізіне түсу және ұстау кезінде кәсібилігімен ерекшеленген.

"Пәтер ұрлығы істерін ашуда ол өте мықты жедел уәкіл еді. Қылмыскерлерді ұстауда тәжірибесі мол болатын. Қаладағы ең кәсіби мамандардың бірі саналатын. Оның қолына түскен күдіктілер де аз емес", – дейді экс-полицей.

Бұрынғы әріптесі Аслан Әлсеровтің қызмет барысында талай қауіпті жағдайға тап болғанын да жеткізді. Оның айтуынша, марқұмға бұған дейін бірнеше рет қастандық жасалған.

"Оған бірнеше мәрте қастандық жасалды. Пышақталған кезі де болды, оқ атылған жағдайлар да кездескен. Жақ сүйегі, мұрны сынған кездері бар. Соған қарамастан ол қызметін жалғастырып жүрді", – дейді ол.

Толығырақ Stan.kz сайтынан оқи аласыздар.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер